Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Армения Республикасы Қорғаныс ведомствосының басшысы Давид Тоноян кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz, ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысын өткізу шеңберінде өткізілді.
Кездесу барысында тараптар қорғаныс саласындағы екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен перспективаларын талқылады.