Ұсталған бірінші азамат таңертең жолаушының қалтасынан ұялы телефон ұрлап кеткен. Екіншісі, сөмкеден 30 мың теңге ұрлаған. Оқиға №12 және №17 автобустардың маршруттарында орын алды.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азаматтардың бұрын қала аумағында жасаған ұқсас ұрлықтарға қатыстылығын тексеру жалғасуда. Ұсталған ұрылардың фотосуреттерін полиция БАҚ арқылы таратты.
Осы адамдардың іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Астана қаласының полиция департаментіне Бейбітшілік, 19 мекен-жайы бойынша хабарласуды немесе телефон арқылы қоңырау шалуды сұрайды.: 8 (7172) 71-61-71; 71-62-47; 87021111441, немесе “102”.
Полицейлер қоғамдық көлік жолаушыларын қырағылық танытуды сұрайды. Қалта ұрлығының қаупі артқан кез – “қарбалас сәтте” сақ болу керек.
Сулет: newtimes.kz