Факты истории

Астана әуежайында «SCAT» ұшағы апатты жағдайда қонды

Елорданың халықаралық әуежайында, бортында 42 жолаушы және бес экипаж мүшесі бар » SCAT» ұшағы шұғыл апатты қонуды жүзеге асырды.Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада айтылғандай, «SCAT» авиакомпаниясының DV834 борты » Минеральные воды – Нұрсұлтан» рейсі бойынша сағат 17:37-де ұшақ салонында саңылау пайда болуына байланысты сәтті қонды.

Әуежай аумағында жолаушылар мен экипажы бар ұшақ қонғаннан кейін жедел жәрдем машиналары,әуежайдың өрт сөндіру және авариялық-құтқару құралдары жіберілді.

Қосалқы әуеайлаққа «Эйр Астана» әуекомпаниясының бір чартерлік рейсі және бір «КС 280″рейсі апаттық қонуды күтуге жіберілді. Қазір халықаралық әуежай штаттық режимде жұмыс істейді.

Сурет: Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ещё в ленте

Все новости