Шырша гирляндтары өрттің себебі болуы мүмкін.
Астанада жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы брифинг өткізілді. Астана қаласы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау-профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Орал Абдрахманов жаңа жылдық электр гирляндалары мен шыршаларының өрт тудыру қаупі туралы ескертті.
Орал Абдрахманов былай деп түсіндірді: «Шыршалардың өртену көзі оларға қолданылатын аспалы электр жабдықтары (гирляндтар) болып табылады. Олар сертификатталған және зауыттық талаптарға толық сәйкес болуы тиіс. Қолдан жасалған гирляндаларды қолданған жағдайда қысқа тұйықталу мүмкін»
Полковник: “Біздің жұмыс алдын алу іс-шараларын өткізуге бағытталған. Өткен жылы жаңа жылдан кейін гирлянданы монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудан шыршаның ашық алаңда өртенуі орын алды. Бұл “Астана-балет”театры ғимаратының жанында болды. Үй-жайларда шыршалардың жану фактілері болған жоқ. Бірақ, кез келген жағдайда, бұл біздің халықты ескерту бойынша жұмысымыздың бір бағыты. Басқаша айтқанда, кім ескертілсе, сол қарулы,”
Астана қаласы ТЖД-де келесі ережелерді сақтауды сұрайды: шыршаны электр пештердің мен жылытқыштардың, пештер мен каминдердің жанында орналастырмау; оны тұрақты тұғырға орнату; шыршаны май шамдармен және қағаз гирляндалармен және қаршалармен, арнайы сіңдірілмеген мақта және картон ойыншықтармен безендірмеу; Бенгал оттарының, шартылдақтар мен шамдардың өрт тудыру қауіптілігін ескеру; шыршаның жанында ойнайтын балаларды қарау.
Зауыттық өндірістің тізбектей қосылған шамдары бар электр гирляндтарды сатып алу керек. Гирляндтардың сапа сертификаттары болуы тиіс. Түтін иісі, ұшқын, сымдардың қызуы сияқты ақаулық белгілері пайда болған кезде иллюминацияны ажырату және ақауларды түзету бойынша шараларды қабылдау қажет.
Өрт шыққан жағдайда шыршаны еденге құлатып, көрпемен немесе тығыз жапқыш жабыңыз, содан кейін су құйыңыз.
Сурет: Youtube каналы АннаФез