Қала әкімі Алтай Көлгінов 15 шілде күні көп балалы аналармен бірқатар кездесулер өткізбек. Ол кесте бойынша кездесуге ұсыныс жасады.
“Мен әр әйелдің байланыс деректерін жазып алдым. Дүйсенбіден бастап сіздерді қабылдаймын. Кесте бойынша кездесейік, себебі мен барлық ниет білдірушілерді бір күнде қабылдай алмаймын”, – деп жазды әкім, бүгінгі әйелдермен кездесуінің қорытындысы бойынша, Instagram-дағы өзінің ресми аккаунтында.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әкімдік әр ананың әлеуметтік картасын құрып жатқанын атап өтіп, карта көптеген мәселелерді шешуге көмектесетінін айтады.
Күлгінов әйелдерді жұмысқа орналастыру, тұрғын үйдің жоқтығы, медициналық қызмет көрсету және балаларды балабақшалар мен мектептерге орналастыру мәселелерін талқылады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең көп балалы аналар Үкімет пен Парламент ғимараттарының жанында наразылық акциясына жиналды. Әйелдер тұрғын үй беру жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына наразылығын білдіріп, үкіметтен пәтермен қамтамасыз етуді талап етті.
Сурет: Sputnik news.kz