Бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің отырысы барысында “Астана” халықаралық қаржы орталығының (АХКО) басқарушысы Келімбетов пен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының мүшесі Жақсылықов АХҚО мен ЕЭК арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Қол қойылған жоспарға сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер қаржы нарықтарын реттеуде, қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда, қаржылық технологияларды дамытуда ынтымақтасатын болады.
Сондай-ақ, отырыс барысында ЕАЭО-да реттеуші “құмсалғыштарды” құру бойынша іс-шаралар жоспарланған, олардың көмегімен инновациялық қаржы өнімдері мен қызметтер өңделетін болады.
Жоспарды табысты іске асыру АХҚО Еуразиялық экономикалық комиссиямен және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік береді деп жоспарлануда.
Сурет: inform.kz