Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметтері бойынша Грузиядан келген авиажолаушылардың (оның ішінде экипаж мүшелерінің) дене қызуын медициналық тепловизорлардың көмегімен өлшейді.
Тексеру Астанаға тұмау вирусының әкеліну қаупін болдырмау мақсатында байланыссыз жүргізіледі. ДООЗ-да атап өткендей, Грузияда тұмаумен сырқаттанудың жоғары деңгейі байқалады, өлім-жітім жағдайлары да бар, елдегі оқу орындары карантинге жабылған.
Қазіргі уақытта Астанаға ұшып келген жолаушылар арасында тұмауға күдікті болған жоқ.
Сулет: tengrinews.kz