Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Қашықтықтан оқыту мәселесі: індет жас ұрпақтың табысын қалай азайтады?

5 года назад
Проблема онлайн-обучения: как пандемия сократит доходы подрастающего поколения?

Індеттің басталуына байланысты қашықтықтан оқыту форматын ұйымдастырған Қазақстанның білім беру жүйесі күрделі проблемаларға тап болды. Алайда, коронавирус оларды тудырған жоқ, тек ушықтыра түсті. Сарапшылардың бағалауына сәйкес, 10 мектеп оқушысының 6-ы математика, оқу және жаратылыстану ғылымдары бойынша алған білімдерін, тұлға және елдің азаматы ретінде қалыптасу үшін, өмірде қолдана алмайды.

Бүгінгі таңда ұзаққа созылған індет кезінде жүз мыңнан астам оқушы функционалды сауатсыз болады деген қауіп бар. Шетелдік сарапшылардың бағалауына сәйкес, PISA халықаралық білім беру бағдарламасының шкаласы бойынша оқыту көрсеткіштері 8 балға төмендейді.

Індет пен оқу орындарының жабылуына байланысты оқу деңгейінің төмендеуі одан әрі күшейе түседі, бұл өз кезегінде кедей және бай отбасылардың оқушылары арасындағы оқу дағдыларының 18%-ға төмендеуіне әкелуі мүмкін.

PISA мәліметтері бойынша, індетке дейін кедей отбасы балаларының 20% 365 балл, ал бай отбасы балаларының 20% 410 балл жинады. Бір оқу жылында 40 балл. Яғни, сол кездің өзінде балалар арасында алшақтық болды. Қазір бұл жағдай тек нашарлай түседі. Сабақты онлайн режимінде өткізудің салдаоынан ауқатты отбасылардан шыққан оқушылар 14 баллдан, ал кедейлерден-18 баллдан жоғалтады. Олардың арасындағы алшақтық артып келеді.

Өңірлік белгі бойынша да елеулі алшақтық орын алуда. Атап айтқанда, Қазақстанды төрт бөлікке бөлуге болады: индустриялық-аграрлық солтүстік-батыс, орталықтағы индустриялық белдеу, аграрлық оңтүстік-шығыс және индустриядан кейінгі астаналар. Өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтар соншалықты үлкен, тіпті аймақтарды жеке елдермен салыстыруға болады. Ең жайлы өмір солтүстікте, оңтүстікте азаматтар кедей өмір сүреді, ал солтүстік-батыс табыс деңгейі бойынша Африканы еске салады.

Үлгерімі төмен өңірлер оқу тұрғысынан неғұрлым дамығандардан кем дегенде бір жылға артта қалып отыр. Қалалық та, ауылдық та мектептерде төмен нәтижелер көрсетілген. «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқушылары мен қарапайым мектептердегі қатарластары арасында үш жылға немесе ең үлкен PISA-ның 124 балл айырмашылықты байқаймыз.

Сарапшылардың пікірінше, коронавирус басталғанға дейін туылған бала өзінің әлеуетінің тек 63%-ын жүзеге асыра алады. Індет бұл көрсеткішті айтарлықтай төмендетеді.

Төмен деңгейлі білім жаңа ұрпақтардың материалдық әл-ауқатына ықпал етеді. Мектептер жабылғаннан төрт ай ішінде болашақ ұрпақтың табысы іс жүзінде 3%-ға азайды.

Бұл жағдайда білім беру жүйесіндегі неолибералдық реформаларды тоқтату, оларды коммерцияландыруды және қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді тоқтату қажет. Сондай-ақ, жүйені американдық және батыстық әдістемелерді алуға итермелейтін әртүрлі консалтингтік компаниялардың ұсыныстарынан бас тарту керек.

Саяси шолушы Нұрлан Фадеев, арнайы «Эхо Казахстана» үшін
Сурет: rg.ru

Новости СМИ2
Алдыңғы

Ақтауда белсенділер ұсталды: адвокат мұны алдағы сайлаумен байланыстырады

Келесі

Сыбайлас жемқорлық және ұлтшыл элита Түркияның Орталық Азиядағы ықпалын кеңейтуге жағдай туғызуы мүмкін

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.