ҚР ІІМ ТЖК ресми сайтында осы жылдың 18 сәуірінен бастап сейсмологтардың республикалық желісінен ақпараттық деректер жоқ болғандықтан болжамдық комиссия өз материалдарынан көп жарияламайтындығы хабарланған. Zakon.kz журналистері бұл сейсмикалық станциялар қаржыландырылмағандықтан электр мен телефонның өшірілуіне байланысты екенін анықтады.
СТӘЭ ЖШС бас геофизигі Николай Тарадаевтің айтуынша, олар төрт ай бойы қаржыландырылмады және де сейсмостанцияларда төлемегені үшін электр энергиясы мен телефондарды өшірді. Нәтижесінде СТӘЭ қызметкерлері материал ала алмағандықтан, болжам бере алмады.
– Біз тиісті хаттар жаздық, бәрін хабардар еттік, қазір қаржыландыруды ашты. Бұл шамамен 28 сәуірде болды, қазір біз төлемдерді төлейміз,қайта қосу үшін айыппұл төлейміз және өз аппаратурамыздың жұмысын қалпына келтіреміз. Ертең болжамды комиссия жұмыс істей бастауы тиіс. Әдетте біз сәрсенбі сайын болжам береміз. Материал бізде бар,бірақ толық көлемде және барлық станциялар бойынша емес.Дегенмен болжамға қатысатын станциялардың көпшілігі материал береді, – деді Николай Тарадаев.
Сурет: Zakon.kz.