2015-2017 жылдары Қарасу көлін тазалауға бөлінген бюджет қаражатын ұрлауға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу барысында бұрынғы энергетика министрлері Владимир Школьник пен Қанат Бозымбаев жауап берді. Бұл туралы Zakon ақпарат агенттігі жазады.
Тергеу мәліметтері бойынша, қаржы жымқырды деп сегіз адам күдікті, соның ішінде Энергетика министрлігі басшысының бұрынғы орынбасарлары Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев те бар.
Баспасөз конференциясы аясында Ғани Сәдібековтың мүддесін білдіретін адвокат Альмира Шайхина айыптау тізімінде Школьник және Бозымбаевты жоқ деп мәлімдеді, алайда олардан осы қылмыстық істі тергеу кезінде жауап алынды.
“Бұл бағдарламаны Энергетика министрлігі бірнеше жыл бойы жүзеге асырды. Ал министрлікті алдымен Школьник, содан кейін Бозымбаев басқарды. Әрине, олар жауапқа тартылды”, – деді адвокат.
Бұған дейін Қазақстан Энергетика министрлігі бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті директорының орынбасары Момыш Махметов министрлікке материалдық шығын келтірілмегенін мәлімдеген.
Сурет: zakon.kz