Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік бюджетті толықтыру көздерінің бірі көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл болып табылады деп есептейді. Бұл туралы ҚазТАГ жаңалықтар ресурсы хабарлайды.
“Министрлік көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жоспарда көзделген бірқатар бағыттар бойынша шаралар қабылдап, іс-шаралар жүргізуде”, – деп мәлімдеді министрлікте мемлекеттік бюджетті толықтырудың баламалы көздері туралы сұраққа жауап беру барысында.
Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес бұл үшін заңнамалық және әкімшілік шаралар, оның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіру, оларды жосықсыз салық төлеушілерге баса назар аудара отырып цифрландыру және оларды көлеңкеден шығару, сондай-ақ қашықтықтан бақылаудың жаңа түрлерін жетілдіру қолданылады.
Сонымен қатар, ведомство бүкіл тізбек бойынша, атап айтқанда – импорттан не өндірістен бастап бөлшек саудаға дейін оның қозғалысының ашықтығына бағытталған өнімді қадағалаудың ұлттық жүйесін әзірлеу бойынша қызмет жалғасып жатқанын айтты.
Бұл жүйе “бірыңғай терезе”, “Астана-1”, “электрондық шот-фактуралар”, “таңбалау”, онлайн-БКМ қолдану және “тәуекелдерді басқару жүйесі”сияқты ақпараттық жүйелерді қамтитын болады. Олардың кейбіреулері тауарларды айналымға енгізуді және оларды айналымнан шығаруды тіркейді, ал басқалары олардың қозғалысын құжаттамалық және физикалық түрде бақылайды.
Сурет: camonitor.kz