Біздің Республикамыздың қаржы министрлігі Қазақстанның мемлекеттік қарызының тоқсан сайынғы есебін жариялады, деп хабарлайды “ҚазТАГ” ақпарат агенттігі.
Қаржы министрлігінің есебі бойынша бүгінгі таңда республикамыздың мемлекеттік қарызы 47,3 миллиард доллар құрайды.
Атап айтқанда, 35,6 миллиард доллар – біздің министрлер кабинетінің, 8,1 миллиард доллар – Ұлттық Банктің және 3,1 миллиард доллар – жергілікті атқарушы билік органдарының қарызы.
Еліміздің Ұлттық Банкі мәліметінше, Қазақстанның халықаралық резервтері маусым айының соңында 90,6 миллиард долларды құрады.
Сондай-ақ, қаржы реттеуші мамандары биылғы жылдың маусым айында республикамызда ақша базасы 2,1%-ға кеңейіп, 8428,3 миллиард теңгеге жеткенін айтты.
Сонымен қатар, тар ақша базасы, екінші деңгейдегі банктердің мерзімді депозиттерін есепке алмағанда, 3,3%-ға қысқарып, 5036,9 миллиард теңгені құрады.
Осы жылдың маусым айында Қазақстан Республикасында ақша массасы 1%-ға өсіп, 22651,5 миллиард теңгені құрады, сондай-ақ қолма-қол ақша саны 0,6%-ға өсті.
Сурет: zakon.kz