Қаржы министрлігі елдің 4 ЖОО-дағы мемлекеттің қатысу үлесін саудаға шығарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Аукцион 7 наурызда бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Олардың 33-тен 35 пайызына дейінгі үлестері сатылады. Абылай Хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, ҚазБСҚА және АЭЖБУ,Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, және қолданбалы спорт түрлері бойынша РЖСШМ.
ҚазХҚжӘТУ бастапқы бағасы 1 млрд 711 млн 278 мың 931 тг, кепілдік жарна-75 млн 750 мың тг. Аукционға қатысуға өтінімдер 7 наурыз күні сағат 8-ге дейін қабылданады.
Жезқазған ЖОО үшін бастапқы бағасы 336 млн 396 мың 978 тг, ҚазБСҚА – 2 млрд 522 млн 61 мың 695 тг, АЭжБУ – 1 млрд 401 млн 617 мың 89 тг, РЖСШМ бастапқы құны 331 млн 60 мың тг.
Оқу орындары gosreestr.kz сайтында тендер арқылы сатылады.
Сурет: 2gis