Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі басшысының орынбасары Берік Шолпанқұлов біздің республикамыз еуробондтарды тарту мәселесін қарастыратынын айтты.
“Бұл қаражат бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін бюджет заңнамасына сәйкес тартылды. Алдағы кезеңдерді жоспарлауда еуробондтарды шетелдік валютада да,ұлттық валюта да тарту мәселесі қарастырылуда”, – деді Шолпанқұлов.
Сонымен қатар, қаржы министрінің орынбасары мерзім нарықтағы сұранысқа байланысты болатынын айтты.
“Сұраныс жақсы және тиімді болған сайын, әрине, біз шығуын тездететін боламыз. Негізгі мерзімдер, әдетте, әлемдік капитал нарығында өзгереді, ол көктемгі және күзгі кезең”, – деді ол.
Сурет: Zn.ua