Арыс қаласында орналасқан оқ-дәрілер қоймасы 2020 жылдың мамыр айына дейін көшіріледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.
“Қоймадағы қару-жарақты көшіру жұмыстары уақытынан бұрын басталды. Біз барлық қару-жарақты алып келдік. Оқ-дәрілерді тасымалдауға бірнеше фактор әсер етеді. Бұл, ең алдымен, қауіпсіздік түсінігі. Барлығы 28 мың тонна оқ-дәрі шығарылады-бұл шамамен 817 темір жол вагоны. Жоспар бойынша барлық жұмыстар 2020 жылдың мамыр айына дейін аяқталады”, – деді Ермекбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы жағдай үшін Қорғаныс министрі Президенттен қатаң сөгіс алған болатын. Сондай-ақ Тоқаев Қорғаныс ведомствосына Арыс қаласындағы осындай қойманы егжей-тегжейлі зерттеуді және 20 тамызға дейін Үкімет пен жұртшылық жағдайдың қайталанбайтынына сенімді болуы үшін толық есеп беруді тапсырды.