Жолсеріктер Арыс стансасына келгенде пойыздың есігін ашпайды. Жолаушыларға перронға шығуға тыйым салынуда, деп хабарлайды КТК.
Бүгінгі таңда пойыз қозғалысы толығымен қалпына келтірілді және кесте де ретке келтірілді.
Дегенмен, жолаушыларға станцияға шығуға тыйым салынуда. Арыс арқылы өтетін барлық поездардың есіктерін жолсеріктер ашпайды.
Елді мекендерде ТЖ режимі сақталады. Келген барлық пойыз құрамы тоқтау уақытын орташа есеппен 10 минутқа дейін қысқартты.
Жақын арада темір жол станциясын қалпына келтіру басталады. Әскери бөлім қоймаларында оқ-дәрі жарылған кезде зақым алған күту залдары мен перрондар жөнделеді.
Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласында жарылыс болған соң пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын. Осы станция арқылы теміржол көлігінің қозғалысы 27 маусымда қалпына келтірілді.