Мектеп оқушылары үшін арнайы жазғы лагерь ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырушы Еуразия ұлттық университеті.
Жазғы лагерьде екі жүз елу Арыс оқушылары демалады. Онда оларға білім беру және сауықтыру бағдарламалары ұсынылады.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің директоры Әлібек Мәдибеков балалар тобының кураторлары жеке тұлғаны дамытуға бағытталған арнайы әдістемелер әзірлегені туралы ақпарат берді. Сондай-ақ демалушылар ағылшын тілін үйренеді. Лагерьде спорттық жарыстар да ұйымдастырылады.
“Біздің лагерьде балалар демалып қана қоймай, ағылшын тілі мен робототехниканы үйренеді. Балалар жаңа достар тауып, көп уақыттарын табиғатта өткізеді.Бұл уақытты олар пайдалы өткізетініне сенімдіміз”, – деді Мәдибеков
Сурет: 24.kz