Оқ жарақаты салдарынан мерзімді қызметтегі әскери қызметкер қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Бүгін Маңғыстау облысында, алдын ала болжам бойынша, қарауды абайсыз қолдану салдарынан мерзімді қызметтегі әскери қызметші А. Д. Агеев иығына оқ тигізді.Ауруханаға барар жолда әскери қызметкер қайтыс болды”, – деп хабарлады министрлікте.
Қазіргі уақытта еліміздің әскери-құқық қорғау ведомстволарының қызметкерлері болған оқиға бойынша тергеу жүргізуде.