“АрселорМиттал Теміртау” АҚ металлургиялық комбинатында кезекті ТЖ болды. Газ құбырын монтаждау кезінде екі көтергіш кранның жебелері сынған.
Қарағанды облысының индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары Кенгербай Есенеев: “крандардың бірінде жебе жарылып кетті. Басқа кранның жебесі салмақ көтермегендіктен сынған”.
Зардап шеккендер жоқ.
Билік әзірге бұл оқиғаға назар аударған жоқ.
Апаттың болжамды себебі- мердігерлік кәсіпорынның монтажды жобалау жұмысындағы қателігі.
Жалпы алғанда, соңғы уақытта жиі болатын апаттардың себебі- кеңес заманынан бері жаңартылмаған, меншік иелерінің пайдасын ұлғайту мақсатында үнемдеуді көздейтін инфрақұрылым дағдарысы.
Сурет: Nur.kz