2020 жылғы Армия халықаралық ойындары аясында Ресейдегі Мәскеу маңындағы Алабино полигонында Танк биатлонындағы жеке жарысқа қатысушыларға жеребе тарту етілді.
Нәтижесінде қазақстандық командаға сары түсті танктер бұйырды. Жеке жарыстың алғашқы жарысы 25 тамызда өтеді. Қазақстан танкистері Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген әріптестерімен жарысады.
Армиялық жарыстың осы түрінде ел намысын қорғайтын қазақстандық командаға іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары атанған танкистер кірді. Бұл оңтүстік, шығыс, батыс және десанттық шабуыл әскерлерінің төрт танк экипажы. Қазақстан командасын ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергенов басқарады.
Сарапшылар қазақстандық танкистерді Ресей, Беларусь және Қытай танкистерімен тең дәрежеде мықты деп санайды.
Биыл қазақстандық әскери қызметшілердің әскери шеберлігі тек танк биатлонында ұсынылады.
Сурет: gov.kz