Бүгін бейнеконференция байланысы арқылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы тұрақты кеңесінің шұғыл отырысы өтеді. Оның бастамашысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась болып табылады.
Ұйымның баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтың айтуынша, отырыс өткен жексенбіде әскери қақтығыс орын алған Әзірбайжан мен Армения арасындағы мемлекеттік шекара жағдайының шиеленісуіне байланысты өтеді.
Әзірбайжан Республикасы Қорғаныс ведомствосы өкілдерінің айтуынша, өткен жексенбіде Армения әскерлері олардың позицияларына оқ атқан.
Арменияның Қорғаныс министрлігінде Әзірбайжанның әскери қызметкерлері артиллерияның қолдауымен армян бекініс пунктін басып алуға тырысты.
Бакудың ақпаратына сәйкес, атыс салдарынан екі жақ та зардап шеккен, алайда Ереван тек Әзірбайжанның әскери қызметшілері ғана қаза тапқанын мәлімдейді.
Сондықтан Станислав Зась әзірбайжан-армян шекарасында туындаған жағдайды шешу үшін ҰҚШҰ Тұрақты Кеңесінің шұғыл отырысына бастамашы болды.
Бүгінгі таңда ҰҚШҰ-ға мүше елдер – Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан.
Сурет: m.gazeta.ru