Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнында Bonatti шетелдік фирмасының үш жүзге жуық қызметкері аштық жариялады. Ереуілге шыққан жұмысшылар еңбекақыларын көтеруді талап етеді, деп хабарлайды “ҚазТАГ” жаңалықтар ресурсы.
Аштыққа жариялаған жұмысшылар 2020 жылдың желтоқсанында компания басшылығына жалақыны көбейту туралы бірнеше рет хат жібергендерін айтты. Алайда, олардың өтініштеріне ешкім жауап бермеген, осыған байланысты жұмысшылардың аштық жариялаудан басқа амалы қалмады.
“Қазір адамдардың шыдамы таусылды, бәрі қымбаттауда, ақша жетіспейді, отбасымызды асырап, несие төлеуіміз керек. Бүгін таңертең біз жұмысқа шықтық, өндірісті тоқтатып, басшылықтан нақты жауап күтудеміз”, – деді ереуілшілер.
Туындаған жағдайды реттеу үшін наразы жұмысшыларға Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкенбаев келді. Алайда билік өкілдері бұл жағдай туралы әлі түсініктеме берген жоқ.
Сурет: kaztag.kz