Қарапайым азаматтардың сайлаушыларға олардың саяси қалаулары мен Президентке кандидатты таңдау тұрғысынан сұрау жүргізуге құқығы жоқ. Алайда, кейбір БАҚ-тарда мұндай сауалнамаларды қазақстандықтар бастамашылық тәртіппен жүргізеді.
Ол сондай-ақ сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда қоғамдық пікірге сұрау жүргізуге заңмен тыйым салынатынын атап өтті. Осы талаптарды бұзу сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу шарттарын бұзу – ӘҚБК 120-бабы бойынша жауапкершілікте болады.
Сондықтан Бас прокуратура барлық жеке және заңды тұлғаларды, БАҚ – ты сайлау процесінің бұзылуына жол бермеуге, соның ішінде сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы заңды мүлтіксіз сақтауға шақырады, – деп қорытындылады Дембаев.
Ережелер бойынша, сауалнама жүргізетін тұлғалар интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді осы үшін тыйым салынған кезеңде нәтижелерді жариялау үшін пайдаланбауы тиіс. Бұл норма қоғамдық пікірмен, атап айтқанда, Интернетте фэйк хабарламаларын құру және тарату жолымен айла-шарғы жасауға жол бермеу үшін көзделген.