Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Қарабахтағы қақтығыс: Түркия Кавказ бен Орталық Азиядағы Батыстың қолшоқпарына айналуда

5 года назад
Конфликт в Карабахе: Турция становится тараном Запада на Кавказе и в Центральной Азии

Бейбіт келіссөздерге шақырылғанына қарамастан, армян-әзірбайжан қақтығысы күшейе түсуде. Осыған байланысты Таулы Қарабақтағы соғыс әрекеттері Қазақстанға және Орталық Азияның басқа да елдеріне әсер ете ме деген сұрақ туындайды.

Осы мәселені қарастыра отырып, Қарабақтағы қарулы қақтығыстың — Әзірбайжан әскери қызметшілерінің бүкіл шектесу сызығы бойынша қарқынды атыстың орын алу себебінен бастайық. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қолдауын ескере отырып, Әзірбайжанның өзі Арменияға қарсы алғашқы соққыны жасауға батылы жетер мен екен. Оған осындай шешуші қадам жасауға көмектескен болуы мүмкін.

Меніңше, Таулы Қарабақта басталған ұрыс Түркияның қатысуынсыз емес. Себебін айтсам. Қазақстан мен Ресейді қоса алғанда, бірқатар елдер қақтығысып жатқан елдерді бейбіт келіссөздерге шақырса, Түрік тарапы отқа май құйып, Әзірбайжанның жеңіске жетуіне көмектесетінін мәлімдеді.

Түркия Республикасы Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Мевлют Чавушоғлының: «Әзербайжанға жасалған шабуылдарды біз Түркияға жасалған шабуыл деп санаймыз. Бауырлас Әзірбайжанға көмектесу үшін бәрін жасаймыз. Соңында ол жеңеді» — деген ашық мәлімдемесі менің дәлелдерімді растайды.

Таулы Қарабақта «зеңбіректер зулағанға» дейін екі апта бұрын Нахичеван автономиясында Түркия мен Әзірбайжанның екінші бірлескен әскери жаттығулары өтті. Түрік Тарапы Қарабахқа соққы беруі үшін Әзірбайжан армиясын алдын-ала дайындағанға ұқсайды.

Сонымен қатар, 29 қыркүйекте Ереван Су-25 шабуылшысының ұшқышын Түркия атып өлтіргенін мәлімдегенін ескерген жөн. Армения қорғаныс ведомствосының баспасөз хатшысы Шушана Степанянның айтуынша, түрік жауынгері Әзірбайжанның Гянджа қаласындағы әуежайдан әуеге көтерілді. Алайда Түркия Республикасы мен Әзірбайжан өз тарапынан армян ұшағын шабуылдауға қатысы жоқ екенін айтады.

Түркия мен Әзірбайжан ұзақ уақыт серіктес болып келеді, бірақ егер кеңірек қарасақ, онда Закавказье мемлекеттері арасындағы қақтығысты ынталандыру арқылы Түркия өз проблемаларын шешуге тырысады.

Менің ойымша, Түрік тарапы Әзірбайжан мен Армения арасындағы шиеленісті ескере отырып, Ресей Федерациясына қысым жасау немесе жағдайын байқап көру үшін Қарабахта ұрыс қимылдарын бастауы мүмкін.

Бұл жағдайда Әзірбайжанның Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыстағы жеңісі немесе тактикалық жетістіктері автоматты түрде Түркияның оңтүстік Кавказдағы позицияларының күшеюіне, оған сәйкес Ресейді аймақтан шығаруға тырысатын Батыс күштерінің күшеюіне әкеледі.

Қазақстан мен Орталық Азия үшін бұл пантүркілік ұйымдар мен идеологияның ықпалының өсуіне әкеледі. Шын мәнінде, қақтығыстың одан әрі ушығуына шақырған Түркия Кавказ бен Орталық Азиядағы АҚШ пен Батыстың қолшоқпарына айналуда. Бұл жағдайда Қазақстан жұртшылығы мен билігі Мәскеудің бітімгершілік күш-жігеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, Анкараның агрессивті риторикасына көнбеуге тиіс.

Армения-Әзірбайжан қақтығысын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдерінің қатысуымен келіссөз ғана шеше алатындығын қосқым келеді. Бұл мәселені әскери жолмен шешуге тырысу тығырыққа тірелтеді және қақтығыстың ушығуына мүдделі Батысқа ғана пайда әкеледі.

Саяси шолушы Нұрлан Фадеев, арнайы «Эхо Казахстана» үшін.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Сенатор Денсаулық сақтау жүйесіндегі олқылықтар үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады

Келесі

Батыс авторлары Қазақстанда идеологиялық құндылықтарға нұқсан келтіруге тырысуда

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.