Қарағанды облысында Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жалған Еуро сатушыларды ұстады. Бұл туралы zakon.kz. ақпарат агенттігі хабарлайды.
500 евродағы жалған ақша шетелде жасалған. Барлығы жалған купюраларды өткізудің 25 эпизоды анықталды. Қылмыстық іс дәлелдемелерді қарау, сондай-ақ үкім шығару үшін сотқа берілді.
Департамент басшысы Данияр Ақжанов 2019 жылы аймақта банктердегі ақша қаражатының көлемі төмендегенін хабарлады. Ағымдағы жылдың басынан бері Қарағанды облысында 74 экономикалық қылмыс ашылып, қылмыстық іс қозғалды.
“Соңғы үш жылда көлеңкеден 1 300-ден астам кәсіпкер тіркелген. 63 мың литр көлемінде алкогольді, 11 мың қорап темекі өнімдерін, 503 554 литр мұнай өнімдерін заңсыз сатудың жолы кесілді”, – деді Данияр Ақжанов.
Бұл ретте облыс аумағында “жол картасы 2020” жұмыс істейді, оның негізгі мақсаты көлеңкелі экономиканы төмендету, бизнесті қорғау және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы тұру.
Сурет: zakon.kz