Қарағанды тұрғындары қалалық саябақтың орнында теннис кортын салу ниетіне наразы. Бұл жөнінде төңірегінде елеулі жанжал орын алды, деп хабарлайды Sputnik.kz
Жергілікті тұрғындар арасында теннис кортының құрылысы бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін, парк ішінде ағаш дуал пайда болуына байланысты наразылық толқыны өтті. Қарағанды әкімшілігі қоғамдық тыңдаулар өткізгенге дейін жұмысты уақытша тоқтатты.
“Қарағандылықтар және орталық саябақтың тағдырына бей-жай қарамайтындар. Қарағандыда теннис орталығын салу қоғамдық тыңдауға дейін тоқтатылды. Қарағанды облысының әкімі теннис орталығының құрылысы көзделіп отырған, Қарағанды орталық саябағы ауданындағы дуалдарды және құрылыс вагоншасын алып тастау туралы тапсырма берді”, – деп жазды әлеуметтік желілерде облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.
Сурет: novoetv.kz