Росавиация қазақстандық “ИрАэро” авиакомпаниясына Қарағандыдан Ресей Омбы қаласына тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға рұқсат берді.
Рұқсат аптасына жеті рет ұшуға мүмкіндік береді. Мұндай шешім Қарағанды тұрғындарының ыңғайлылығы үшін қабылданды, өйткені бүгінгі таңда Омбы қаласына тек астаналық әуежайлардан ғана кіруге болады.
Росавиация мен “ИрАэро” мұндай шешім шекаралық бақылаудың жердегі пункттеріне түсетін жүктемені айтарлықтай төмендетеді деп мәлімдейді. Әсіресе жазғы уақытта, қазақстандық туристердің Ресей қалаларына және керісінше келуі байқалады.
Қазір тараптар туристерге ыңғайлы болу үшін шағын авиацияны іске қосу мүмкіндігін қарастыруда.
Сурет: wallbox.ru