Қарағанды облысында халықаралық ауыл жастарының форумы өттіп жатыр. Форум Қазақстандағы жастардың жылына орайластырылды, оған тек біздің мемлекетіміздің жастары ғана емес, сонымен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің делегаттары да келді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар форумға қатысушылар жастар саясаты саласында белсенді түрде тәжірибе алмасатынына сенім білдірді. Ауылда жастар кәсіпкерлігін дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
Форум бүгін басталды және үш күнге созылады. Қарағанды облысының әкімі бес ауданның ауылдарында тұратын он жігіт пен қызға өз ісін дамыту үшін миллион теңгеге гранттар табыс етті. Ақшаны түрлі жобаларға жұмсауға болады – сүт өңдеу,автомобиль сервисі,тіпті туристік маршруттарды ұйымдастыру.
Сурет: inform.kz