Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов Қарағанды облысында облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалғанын хабарлады.Енді бұл қызметті Айгүл Байжанова атқарады.
Айгүл Байханова 1973 жылы туған. Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясын “Қаржы және несие” мамандығы бойынша, Болашақ университетін “Юриспруденция” мамандығы бойынша және еліміздің Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.
Өзінің еңбек жолында ол негізінен басшылық лауазымдарын атқарды. Байханова экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жұмыс істеді.
2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып еңбек етті.