Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 36 миллион теңге жымқырған деген күдікпен ұсталды.
Ұсталған азамат облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметкерлерімен бірге қылмыс жасаған, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Бюджет қаржысы мүгедектерге арналған арбаларды жоғары бағамен сатып алу арқылы ұрланған. Техникалық талаптарға сай келмейтін арбалар сатып алынды.
Бұрынғы шенеунік және үш күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Сурет: Елорда Инфо