Қарағандыда Киров полиция бөлімінің бос тұрған ғимараты ұрланды. Қылмыскерлер әкімшілік ғимаратты бұзып, оның кірпіштерін бөлшектеп алып кеткен. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Седов көшесіндегі әкімшілік ғимарат пен гараждарды бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Материал ҚР ҚК 188 бабы 4 бөлімі 3 тармағы (ұрлық) бойынша тіркелді”, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полицейлердің ақпаратына қарағанда, бүгінгі күні Киров полиция бөлімінің ғимараты бос тұр. Жеке құрам аудандық ішкі істер бөліміне арнайы салынған жаңа ғимаратқа көшті.
Сурет: Nur.kz