Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев жақын арада Теміртау мен Балқашта коронавирусқа тестілеу өткізетін ПТР-зертханалары пайда болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды today.kz жаңалықтар ресурсы.
Жаңа вирусологиялық зертханалар құру туралы Ержан Нұрлыбаев Қарағанды облысының әкімдігінде аппараттық кеңес кезінде айтты. Оның айтуынша, жаңа ПЦР-орталықтар аймақта COVID-19 тестілеу үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.
Жаңа зертханаларды құру мерзімі туралы айта келе Нұрлыбаев Теміртауда ПЦР-орталық осы аптада, ал Балқашта тамыз айында ашылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, аппараттық кеңес аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы өңірде барлығы ПЦР әдісімен 80 мыңға жуық адам тексерілгенін айтты.
Сонымен қатар, ол госпитальдарда коронавируспен орташа және ауыр дәрежеде 653 пациент емделіп жатқанын айтты.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1522 жағдайы тіркелді, ал Қазақстан Республикасында олардың саны 14809-ға жетті.
Сурет: iz.ru