Қарағанды облысында саяқ кенішінде қайғылы оқиға орын алды.
Тау-кен массасының қабатының құлауы салдарынан алынған жарақаттар салдарынан үңгуші қайтыс болды. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігі хабарлайды.
Қаза тапқан адам 47 жаста болды. Оның алған жарақаттарының сипаты өмірмен сыйыспайтын болды. Ауруханаға бара жатып, “жедел жәрдем” автокөлігінде ер адам көз жұмды.
Жұмысшы қаза тапты деген дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Жыныстың құлауы болған учаскеде арнайы комиссия жұмыс істейді.
Сурет: donpress.com