ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ақпараты бойынша, ведомство қызметкерлері ақпан айында ірі инвестициялық пирамида қызметінің жолын кесті.
«Алдын ала тергеу нұсқасы бойынша 2020 жылы ұйымдастырушы салым сомасының теңгемен 18% — ы және валютамен 6% — ы мөлшерінде жыл сайынғы табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден астам сомаға жеке тұлғалардың ақшалай қаражатын тартты. Аталған факті бойынша ҚК — нің 217-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, 180-нен астам адам жәбірленушілер анықталды», — деп ведомствода атап өтті.
Сурет: zakon.kz