Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Экономика

Қарағанды облысында екінші күн электр станциясы іске қосылды

7 года назад
В Карагандинской области запущена вторая солнечная электростанция

Қазақстанның энергетикалық кешені жаңартылған энергия көздерінің тағы бір нысанымен толықты. Қарағанды облысында Балқаш маңындағы Гүлшат кентінде шетелдік инвестиция есебінен салынған өңірдегі екінші күн электр станциясы іске қосылды,деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Ерлан Қожанов станция құрылысының мақсаты Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 пайызға жеткізу тапсырмасын орындау болып табылатынын атап өтті. Қошанов қаңтар айында Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі күн станцияларының бірі болып табылатын, қуаты 100 мегаватт болатын осындай станция іске қосылғанын еске салды. Маусым айында Шет ауданында тағы біреуін іске қосу жоспарланып отыр

Гүлшатта күн станциясы бір жылдан аз уақыт ішінде салынды. 104 га жерге 120000 астам күн панелдері орналастырылды. Станция қуаты — 40 мегаватт. Бұл Балқаш сияқты бес қаланы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады. Жыл сайын ол 58 миллион киловаттан астам электр энергиясын өндіреді.

Энергетика министрінің орынбасары Сұңғат Есімханов атап өткендей, Қарағанды облысы – баламалы энергетиканы дамыту бойынша көшбасшы. Облыс үлесіне жаңартылған энергия көздерін өндіру көлемінің жартысы келеді.

Станция құрылысы мен жабдықтарына 46 миллион $ шетелдік инвестиция салынды. Нысанның құрылысында 300 адам жұмыс істеді. Станцияға 20 маман қызмет көрсететін болады.

Инвестор одан әрі облыста инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуды жоспарлап отыр.

Станцияның ашылу салтанатына Еуропалық қайта құру және даму банкінің, қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығының өкілдері, ардагерлер, Балқаш қаласының құрметті азаматтары, жастар – «Жасыл экономика» байқауының жеңімпаздары қатысты

Сурет: баспасөз қызметі

Новости СМИ2
Алдыңғы

Садыбек Түгел қазақ тілі емтиханынан сәтті өтті

Келесі

26 сәуірде Атырау облысының мемлекеттік мекемелерінде Ашық есік күні өтеді

Ұсынамыз Пост

Еліміздің денсаулық сақтау саласында қандай медициналық қызметтерге тарифтер қайта қаралатыны айтылды
Экономика

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері жарияланды

14/05/2021 18:32

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 894 миллиард теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 2021 жылдың қаңтар - сәуір айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 274,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне...

Свыше триллиона тенге планируют инвестировать в развитие Алматы
Саясат

Алматының дамуына триллион теңгеден астам қаражат инвестиция салуды жоспарлап отыр

24/04/2021 15:04

  Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен инвестициялар тарту жөніндегі кеңесте экономиканың тұрақты дамуының негізі ретінде негізгі капиталға салынатын инвестициялардың одан әрі өсуін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды. Қабылданып жатқан шаралардың, соның ішінде Almaty Business-2025 бағдарламасы шеңберіндегі шаралардың арқасында белсенділігі...

Минфин выявил нарушения в госзакупках более чем на пятьдесят млрд тенге
Экономика

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларда елу млрд теңгеден астам заң бұзушылықтарды анықтады

12/04/2021 17:00

Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекеттік сатып алуларда анықталған бұзушылықтар туралы айтты, деп zakon.kz хабарлайды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында камералдық бақылаумен 2,9 трлн теңге сомасына 305 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 9 111 рәсім бойынша...

Чиновники двух областей получили строгие выговоры за рост цен на продукты
Экономика

Екі облыстың шенеуніктері азық-түлік бағасының өсуі үшін қатаң сөгіс алды

12/04/2021 15:32

Атырау және Жамбыл облыстары әкімдерінің орынбасарлары әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуі үшін қатаң сөгіс алды, деп zakon.kz хабарлайды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, кейбір өңірлерде әлі күнге дейін азық-түлік бағасының жоғары өсуі байқалады. Мәселен, 6 сәуірдегі...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.