Қарағанды облысында бұлақтарға ерекше көңіл бөледі, сондықтан тиісті қызметтер оларды дереу тазалай бастады, деп хабарлайды 24.kz.
Тлеу Садвакасов, Қарқаралы қаласының тұрғыны: “Ядролық сынақтар жүргізілген кезде, біздің барлық бұлақтар жоғалып кетті. Ал жарылыстар тоқтаған кезде, қазір барлығы қалпына келіп жатыр. Бұған біз қуаныштымыз”˗ дейді.
Ауданда олардың саны 200-ден астам, олардың әрқайсысының өз тарихы бар. Қазіргі уақытта, Наурыз айында, бұлақтар мұз тастайды. Жақын маңдағы ауыл тұрғындары су көздерін, арнаны жапырақтар мен жиналған балшық пен қоқыстардан тазалайды.
Сондай-ақ, 15 жыл бойы өңірдегі бұлақ суының ағыны артып келеді. Бұл да қуанышты жай.
Сурет: vladimir.mk.ru