Қарағанды облысының Балқаш қаласында балалар технопаркі ашылды, онда балалар әртүрлі роботтарды жинаумен қатар, зияткерлік телевизиялық бағдарламалар түсіреді, деп хабарлайды 24.kz.
Жаңа бастаушы жас тілшілер, режиссерлер, операторлар, дикторлар және бейнемонтаж инженерлері “Стоп-кадр” балалар студиясында жұмыс істейді. Балқаш қаласы мектептерінің 60-тан астам оқушысы хабарлардың түсірілімі мен сюжетіне қатысады. Қала тұрғындары кішкентай тілшілерді жүзінен таниды.
Әрине, технопарк оқушыларға ғана арналған емес. Оған студенттер де, ең кішкентай білгіштер де қатысады.
Демеушілерді технопарк өмірі қызықтырады, сондықтан олар сырт қалмайды. Оны жабдықтауға 2.5 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде балалар үшін 7 техникалық шығармашылық үйірмелері жұмыс істейді.
Сурет: ustinka.kz