NUR.KZ сайтының мәліметі бойынша,Қарағанды облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері мектептерде оқу билеттерін заңсыз сату фактілерін анықтады.
Ведомство басшысы Жандос Сәрсенов бұл құжаттар қаланың қоғамдық көліктерінде жүруге 50 пайыздық жеңілдік беретінін айтты.
Бұл құжаттың иесі автобустарда 80 теңгенің орнына 40 теңгеге жеңілдікпен жол жүруге құқылы. Билеттер оқушылар қатарына жатпайтын тұлғаларға сатылды.
Анықталған билеттерді сату фактілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тексеруге берілді.
Жандос Сәрсенов билеттерді сату актілері оқу орындарында тиісті ішкі бақылаудың болмауынан сыбайлас жемқорлықты тудырады деп санайды.
Сурет: granatprint23.ru