Алматы әкімдігінде қала басшысының орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары Ашық есік күнін өткізетінін хабарлады.
Шенеуніктер Алматы қаласының барлық аудандарында тұрғындармен кездесу өткізеді. Іс-шаралар шеңберінде тұрғындарға атқарылып жатқан жұмыстар және орындалған жұмыстардың қорытындысы туралы мәлімет беріледі.
Ашық есік күні қалада “Open Almaty” қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Іс-шаралар ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап әрбір екі апта сайын өткізіледі. Барлығы осындай тоғыз іс-шара жоспарланған.
Қазір де аудан әкімдері жұртшылықпен кездесу өткізіп жатыр. 6-9 тамыз аралығында Әуезов, Медеу, Түркісіб, Наурызбай, Бостандық аудандарында осы сипаттағы іс-шаралар өтеді.