Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тәжікстанның бас консулы Баходур Назирмен кездесу өткізді,оның барысында сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды кеңейтуге қатысты мәселелер талқыланды.
Сағынтаев осы кездесу барысында айтылған барлық мәселелер “Алматы” Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қарауына жіберілетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, бірлескен жобаларды іске асыру үшін қалалық кәсіпкерлер шақырылады.
Баходур Назир басым бағыт ретінде Алматыда ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу жобасын қарауды ұсынды.
Ол сондай-ақ, Тәжікстан үшін Қазақстанның жемістер мен көкөністерді сақтауға және өңдеуге арналған көліктік-логистикалық кешендер құрудағы тәжірибесі қызықты екенін атап өтті.
Сондай-ақ тараптар екі мемлекеттің мәдени ынтымақтастығын кеңейту қажет деген пікірге келді. Осылайша, Алматының шығармашылық ұжымдары Душанбеде және керісінше алаңдарда өнер көрсете алады.
Сурет: inform.kz