Алматының 14 шағын ауданында жаңа жол салынады. Сондай-ақ көше жарықтары, арықтар мен нөсер кәріздері жүргізіледі, деп қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Алғабас, Қарасу, Көк-Қайнар, Ұлжан-2 және Ақбұлақ аудандарында қазба жұмыстары басталды, жиектастар мен арықтар орнатылды.
Шаңырақ-2, Дархан, Байбесік, Трудовик, Саялы және Ұлжан-1 ықшам аудандарында жабдықтар мен жұмыс бригадалары жұмылдырылды.
Шаңырақ-1, Әйгерім-1 және Әйгерім-2 шағын аудандарында инженерлік желілер орнатылынғаннан кейін жолдар салынады. Жас Қанат шағын ауданында жұмыс аяқталуға жақын.
Алматылықтар жол жағдайына байланысты мәселелер бойынша әкімдікке + 77018888513 нөмірі бойынша Whatsapp мобильдік қосымшасы арқылы немесе Инстаграм әлеуметтік желісіндегі “Алматы қаласының жолдарын жөндеу туралы” жол басқармасының бетінде хабарласа алады.
Сурет: Радио Азаттык