Алматы қаласының оқушылары биылғы жылдың 30 қаңтарында Ресей Федерациясының астанасында өтетін “Ұлы Отан соғысының батырлары: Панфилов және панфиловшылар” атты халықаралық конференцияға республикамыздың атынан қатысады.
Осыған байланысты “Біз миллиондаған панфиловшылар” халықаралық акциясы аясында біздің балалар Ресей консулымен, Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің басшысы Ирина Переверзевамен кездесті.
Сонымен қатар, кездесуге “Біз миллиондаған панфиловшылар” акциясының ұйымдастырушысы Айгүл Байқадамова мен ардагерлер кеңесінің және Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Ресейлік консул сөйлеген сөзінде алдағы конференция жоғары деңгейде өтетініне, сондықтан кең ауқымды зерттеу жұмыстарын болатынына назар аударды.
Айгүл Байқадамова өз кезегінде кездесуге қатысушыларға бауырлас мемлекеттер – Ресей мен Қырғызстандағы “Біз миллиондаған панфиловшылар” халықаралық акциясының өту барысы туралы айтты.
Кездесу соңында ардагерлер кеңесінің өкілдері балаларға табыс тілеп, Мәскеудегі конференцияда біздің елімізді лайықты танытатынына сенім білдірді.
Сурет: kaz.rs.gov