FlyArystan авиакомпаниясы Алматыдан Нұр-Сұлтанға 7000 теңгеге билеттер сата бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Нұр-Сұлтанға 1 мамырдан бастап 180 орындық Airbus A320 реактивті ұшағында ұшуға болады.
Билеттің ең төменгі бағасы – бір жаққа 7000 теңге. Билетті әуекомпания сайтында брондауға болады.
FlyArystan сату және маркетинг жөніндегі директоры Жанар Жайлауова енді елордаға тек бизнесмендер ғана емес, сонымен қатар қарапайым студенттердің де жақындарына жиі келуіне мүмкіндік туғанын атап өтті. Сонымен қатар, арзан рейс қазақстандықтар арасында жергілікті туризмді дамытуға ықпал етеді.
FlyArystan өз жолаушыларына әуекомпания сайтында орналастырылған тарифтер ережесімен танысуды ұсынды.
Бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы Алматыдан Таразға дейін 2019 жылдың 1 мамырына жоспарланған алғашқы рейске билеттер сата бастады. Бір сағаттық ұшу құны, әуежайдың жолаушылар алымдарын қоса алғанда, бір бағытқа 5000 теңгеден басталады. Күн сайынғы рейстер Airbus A320 (180 отыратын орын) ұшақтарында жүргізіледі, бір жыл ішінде Алматы-Тараз-Алматы бағыты бойынша 130000-нан астам жолаушыны тасымалдай алады.
Сурет: look.com.ua