Алматыда рұқсат етілмеген шеруге қатысқаны үшін ұсталған елордалық белсенділер екінші тәулік бойы тамақ ішуден бас тартуда. Бұл туралы “ҚазТАГ” ақпарат агенттігі жазды.
6 шілдеде рұқсат етілмеген шеруге қатысқаны үшін айыпталып,Алматда 10 тәулікке қамалған Қанат Тұрдалиев пен Әнуар Данияров аштық жариялады”, – деп хабарлады ақпарат агенттігінің қызметкерлері.
Журналистер белсенділер тамақ ішуден бас тартып, әкімшілік сот шығарған қаулыларға қарсы наразылық білдіретінін айтты.
“Белсенділердің жақтастары таңертең арнайы қабылдау орнының қақпасына қамалғандарға қолдау көрсетіп, оларға су беру үшін жиналады”, – деп хабарлады ақпараттық ведомстводан.
Сурет: kaztag.info