Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Аманияз Ержанов Tesla Motors компаниясының өкілімен кездесу өткізді. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.
Әңгіме барысында тараптар біздің елде компаниядан автокөлік жасау өндірісін ашу туралы уағдаласты.
“Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін, атап айтқанда, компанияның Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық жобаларына қатысуын, автокөлік жасау саласында өндіріс ашу мүмкіндігін және Қазақстанда электрөңдеу желісін құру мәселелерін талқылады”, – делінген хабарламада.
Қазақстанның өкілі еліміздің машина жасау саласын дамытуға қатысуға ықыласын білдірді.
Сурет: nur.kz