Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тұңғыш Президент атындағы саябақта субұрқақты жөндеуге тапсырма берді. Бұл туралы Almaty.tv ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сағынтаев Бостандық ауданына барған кезде тапсырма берді.
Субұрқақ 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Соңғы 5 жыл ішінде ол бірде-бір рет жөнделмеді,соның нәтижесінде іркіліспен жұмыс істей бастады.
Жөндеу құны 470 миллион теңгені құрайды. Жөндеу кезінде фонтан тостағандары, сорғы жүйесі мен коммуникациялары жөнделеді.
“Eco Almaty” ЖШС басшысы Жанна Асанова фонтанның саябақтың көрікті екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол келесі жылы субұрқақ толығымен қалпына келтірілетіндігін айтты.