“Алматы – адалдық алаңы” жобасы “Тұрғындарға қолжетімді қызмет” порталын таныстырды, деп хабарлайды 24.kz.
Алматы қаласының әрбір тұрғынына енді онлайн-режимде үйді басқаруға арналған кешенді таңдауына мүмкіндік туады. Тұрғындар шығындар сметасына дауыс беруге, әртүрлі есептерді қарауға, онлайн режимінде жиналыстарға қатысуға алатын болады.
Жандос Әмірханов, Алматы қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үйді жаңғырту бөлімінің басшысы: “бұл алаң – өзара іс-қимыл алаңы. Тұрғындар онлайн өтінім бере алады. Сантехник, электрик қызметтеріне. 600-ден астам кешен осы жобада, жүйеде тіркелген” –деп өз пікірін айтты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, портал қызмет көрсету сапасын арттырып, тұрғын үй қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлықты азайтады. Сондай-ақ электронды кешен арқылы тұрғын үй инспекциясына шағым жіберуге немесе учаскелік полиция инспекторына жүгінуге болады. Бұл портал Smart Almaty тұжырымдамасының негізгі жобаларының бірі болды.
Сурет: zakon.kz