Баланы өлтіргендердің бәрі жазаға тартылуы тиіс! Алматыда құрдасының қолынан қаза тапқан колледж студенті Дастан Мұсаханның анасы ұлын бір адам өлтірді дегенге сенбейді. Кінәлілердің бәрі бостандықта жүр дейді ол. Динара Ыдырысованың айтуынша, курстастар арасындағы ерегіс телефонды старостаның тартып алуынан басталған. Содан шыққан кикілжің адам өлімімен аяқталыпты. Ақпарат көзі КТК арнасы.
Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...