Алматыда желтоқсанның 5-нен 7-не дейін келесі шаршы жерде газ өшіріледі: Абылай хан даңғылы — Әуезов көшесі — Тузов көшесі (Желтоқсан және Панфилов көшелері арасындағы Райымбек даңғылынан төмен кіші көше) — Марков көшесі — Бұқар жырау көшесі — Есентай өзені. Бұл туралы “ҚазТрансГаз Аймақ”АҚ-ның жергілікті филиалы хабарлады.
Бұл күндері Мұратбаев көшесінің астынан газ құбырын қайта жаңарту жұмысы аяқталып, одан әрі Әйтеке би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін өтетін болады. Жұмыс аяқталған соң газ біртіндеп қосылады. Сондықтан алматылықтар бір апта дейін газсыз қалуы мүмкін.
“Газ өшіру тұрғын үй ғимараттарындағы температуралық режимге әсер етпейді, – деп сендіреді газбен жабдықтаушы компания. — Осы ауданның көп пәтерлі үйлерінде газ тек тамақ дайындау үшін қолданылады. Жеке үй құрылыстарының жылу беру жүйесі газ құбырын жаңарту кезінде баламалы отынға ауыстырылады”.
Осыдан туындайтын сұрақ: коммуналдық қызмет газ құбырларын жөндеу жұмысын жазда ауыстыра алмады ма? Немесе міндетті түрде қысты күтіп, қалада көлік жолына бөгет жасап, алматылықтарды “мұзға” айналдыру қажет болды.
Сулет: 365info.kz