Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомоство қызметкерлері Алматы “ҰК” ҚТЖ-Жүк тасымалы” бөлімшесінің филиалына қарасты “Алматы-1” станциясының бастығы пара алғаны үшін айыпталуда екенін айтты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
“Ол жалға берілетін контейнерлерді кедергісіз тексеру және қайтару үшін. делдал арқылы жеке компания өкілінен 370 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктенуде. Кінәсін толық мойындауға байланысты күдіктілерге процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Тергеу амалдары жалғасуда”, – деп хабарлады антикоррупционеры.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінде қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, ал бастыққа қатысты түпкілікті шешімді сот шығаратынын мәлімдеді.